Бүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай.
Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз.
Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?
Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдраши аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді.
Маған әсіресе ұнағаны — әңгіме теориядан тым алыс кеткен жоқ. Күнделікті өмірге, өзімізге қатысты тұстары көп. Тыңдап отырып, өзім туралы көп нәрсенің көзі ашылғандай болды.
Abdrashit: https://www.instagram.com/abdrashitt
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Тайм-кодтар ⬇️
Тизер
Подкасттан кейін жұмысымды қазақ тіліне ауыстырдым
Гормон дегеніміз не және оның түрлері
Серотонин гормонының жұмыс істеу жүйесі
Дофаминнің мидағы қызметі
Мидың құрылымы
Адам бойындағы үрей
Өзімізді қалай қинаймыз?
Тамақты ләззатпен ішу керек пе?
Скроллинг неге және қалай зиян?
Ми мен гормондар туралы жиі қойылатын сұрақтар
Мидың энергиясын қалай сақтау керек?
Адам мінезіне шолу
Нәтижеге жету үшін миға себеп керек пе?
Тестті қалай дұрыс тапсырамыз?
Нарикбидің ми құрылымы
Адамның 8 түрлі формасы
Абдрашит бүгін неден қорқады?





